В2 ҚОРЫТЫНДЫ ТЕСТІ Опубликовано 07/08/2020 автором admin В2 ҚОРЫТЫНДЫ ТЕСТІ Аты-жөніңіз: Мекеме аты: Оқытушы: Тыңдалым бөлігі 1-диалог https://kzordatil.kz/wp-content/uploads/2020/08/1.1.mp3 1. Сөйлемді толықтырыңыз. Сұхбат берушінің балалық шағы өткен жер - ...А) ПрагаВ) ҚазақстанС) ӨзбекстанД) Түркменстан Диалогтегі негізгі ақпаратты анықтаңыз. А) Үш түрлі әсерВ) Атамекен әсеріС) Батыс өркениетіД) Туған жерге деген сағыныш Асты сызылған сөзге сәйкес ұғымды көрсетіңіз. Ұлттық құндылықтарды құнттау. А) көтеруВ) құнын білуС) сақтай білуД) құнын асыру 4. Сұхбат берушінің ойын анықтаңыз. А) атамекенді суреттеуВ) Еуропа мәдениетін насихаттауС) ұлттық құндылықтарды құнттауД) туған жер туралы толғанысын жеткізу Сөйлемді толықтырыңыз. ... - ұлттық құндылықтарын құнттауды мемлекеттік деңгейге көтерген ұлттар мекеніА) ЕуропаВ) АзияС) ДелиД) Франция 2-диалог https://kzordatil.kz/wp-content/uploads/2020/08/1.2.mp3 6. Диалогте айтылмаған ақпаратты табыңыз. А) банк құрылған мерзімВ) банкте қарастырылған жеңілдіктерС) банк филиалдары мен бөлімшелерінің саныД) банк филиалдарының қалалар мен ауылдарда бар екендігі 7. Диалогтегі негізгі ақпаратты анықтаңыз. А) банк клиенттеріВ) банк құрылған жылС) банк туралы жалпы ақпаратД) банктің үзіліссіз жұмыс істеуі 8. Асты сызылған сөзге мағынасы сәйкес ұғымды көрсетіңіз.Банктің ауқымды филиалдық желісі бар.А) біразВ) үлкенС) азырақД) шамалы 9. Сұхбат алушының ниетін анықтаңыз. А) банк тарихын білуВ) банк қызметінің болашағын білуС) банк туралы жарнамалауД) банк туралы толық ақпарат алу 10. Банк қай жылы құрылған?А) 1988В) 2001С) 1903Д) 1987 3-диалогhttps://kzordatil.kz/wp-content/uploads/2020/08/1.3.mp3 11. Сөйлемді толықтырыңыз.Ақжол Мейірбеков ең алғаш жұмыс істеген ұжым - ... .А) «Арқас» ансамбліВ) «Гүлдер» ансамбліС) «Сазген сазы» ансамбліД) «Дос-Мұқасан» ансамблі 12. Журналист білгісі келген негізгі ақпаратты табыңыз.А) Ақжол әншінің шығармашылығыВ) «Дос-Мұқасан» ансамблінің өнеріС) Ақжол әншінің «Дос-Мұқасанға» оралу себебіД) Ақжолдың «Дос-Мұқасан» қатарындағы өнері 13. Диалогте берілген қосымша ақпаратты табыңыз. А) Ақжолдың шешіміВ) Ақжолдың «Дос-Мұқасанға» келуіС) «Дос-Мұқасан» ансамблінің репертуарыД) «Дос-Мұқасан» құрамындағы гастрольдік сапары 14. Журналист білгісі келген қосымша ақпаратты көрсетіңіз.А) Ақжолдың қайта оралу себебіВ) Ақжолдың «Дос-Мұқасандағы» көңіл күйіС) Ақжолдың «Дос-Мұқасанға» қалай келгендігіД) Ақжолдың «Дос-Мұқасанда» өнер көрсетуі 15.Сөйлемді диалог мазмұнына сай ақпаратпен аяқтаңыз. Ақжолдың ансамбльге келгендегі шешімі - ... .А) ансамбль репертуарын жаңартуВ) ансамбль шаңырағын шайқалтуС) еркіндікпен, еркелікпен қоштасуД) ансамбль шаңырағына бір уық болу 4-диалог https://kzordatil.kz/wp-content/uploads/2020/08/1.4.mp3 16. Еуразиялық интеграция идеясын табыңыз. А) В.Путиннің идеясыВ) Н.Назарбаевтың идеясыС) Ресей мемлекетінің идеясыД) Еуроодақтың идеясы 17. Журналистің саясаттанушыдан білгісі келген негізгі ақпаратын табыңыз.А) Кедендік одақтың жоспарыВ) Ресейдің кедендік одақ туралы пікіріС) Кедендік одақ құрамына кіретін елдерД) Екі ел халқының Кедендік одаққа көзқарасы 18. Саясаттанушының берген қосымша ақпаратын көрсетіңіз. А) Ресей басшыларының идеясыВ) Бірыңғай экономикалық кеңістік құруС) Кедендік одақ шекарасын кеңейту жолыД) Қазақстандықтардың Кедендік одаққа сенімі 19. Диалогтегі «Қазақстанда Кедендік одақтың болашағына күмәнмен қарайтындар басым» деген пікір кімдікі? А) журналистікіВ) саясаттанушынікіС) Ресей ПрезидентінікіД) Қазақстан Елбасынікі 20. Асты сызылған сөздердің мағынасын көрсетіңіз. Кедендік одаққа күмәнданушылар «Кедендік одақ еліміздің тәуелсіздігін құрбан етеді» деп ойлайдыА) көтередіВ) әлсіретедіС) жоядыД) төмендетеді ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ БӨЛІК 1. Асты сызылған сөзбен мәндес сөзді табыңыз.Энергия қуатын ысырап етуді кеміту керек.А) азайтуВ) дамытуС) шектеуД) құлдырату 2. Асты сызылған сөзбен мәндес сөзді табыңыз. Биылғы Азиада ойындарында Қазақстан спортшыларының жетістіктері мол болды.А) табыстарыВ) пайдаларыС) нәтижелеріД) міндеттері 3. Асты сызылған сөздің мағынасын анықтаңыз. Арыстанды көргенде жүрегім ұшты.А) өкінуВ) қорқуС) қуануД) таңдану 4. Мағынасын бір сөзбен түйіндеңіз. Маңдайынан шертпеу - ... .А) қимауВ) аялауС) ұнатпауД) сыйламау 5. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз. Жас ғалым жаратылыстану саласы ... үлкен жаңалық ашты.А) –даВ) –ндеС) –індеД) –нда 6. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз. Ізденуші ғылыми жұмысы ... салыстырмалы әдісті қолданыпты.А) –таВ) –теС) –ндаД) –нде 7. Сөйлемді толықтырыңыз. Осы мәжіліс өткендегіден гөрі .... болды. А) ұзынВ) биіктеуС) ұзындауД) ұзағырақ 8. Сөйлемді толықтырыңыз. Мына есеп кешегі тапсырмадан сәл ... екен.А) кеңВ) биікС) ертеД) қиындау 9. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Күзгі бақта аяқ басқан сайын... жапырақтар саудырайды.А) қызғылтВ) сап-сарыС) қоңырқайД) қап-қара 10. Көп нүктенің орнына тиісті нұсқаны қойыңыз. Жаңа жауған қар ... болып көзді қарықтырады, сондықтан көзілдірік киіп алған жөн. А) ақшылВ) аппақС) ағарғанД) бозғыл 11. Көп нүктенің орнына тиісті нұсқаны қойыңыз. Бір ғана Мәскеуде 100 мыңнан ... Ивановтар әулеті бар.А) жуықВ) астамС) шамаменД) шамасында 12. Адам саны нақты айтылмайтын сөйлемді көрсетіңіз.А) Қазақстанда 130 ұлттың өкілдері тұрадыВ) Әлемде күн сайын 250 сәби өмірге келедіС) Чехия халқының 55 пайызы атеистер екенД) Қытайдағы 90 миллионнан астам адамның тегі Ли екен 13. Көп нүктенің орнына қажетті сан атауын қойыңыз. Мыңның төрттен бір бөлігі ... болады.А) екі жүзВ) екі жүз елуС) үш жүз елуД) төрт жүз отыз 14. Заттың бір бөлшегін білдіретін сөзді көрсетіңіз. А) Мұнай өндірісі денсаулыққа зияндыВ) Мұнай өндірісі – экономиканың даму көзіС) Мұнайдың төрттен екісі шетелге шығарыладыД) Мұнайдың бір ғана тамшысы 25 литр суды жарамсыз етеді 15. Бұйрық мәнді сөйлемді көрсетіңіз.А) Жомарт ертең бақшаны суарып, арам шөбін отамақшыВ) Жомарт ертең базарға бармайды, бақшаны суарадыС) Жансая ертең көк базарға барып, көкөніс сатып аладыД) Жансая, ертең көк базарға барып көкөніс сатып ал 16. Бұйрық мәнді сөйлемді көрсетіңіз. А) Менің гүл егіп, ауламды безендіргім келеді.В) Баян, осы демалыста саяжайыңа бар, көшет екС) Баян осы демалысты саяжайында өткізбекші болдыД) Гүлсім қолы бос уақытында аулаға гүл еккісі келіп жүр 17. Іс-әрекеттің шартын білдіретін нұсқаны көрсетіңіз.А) Шәкірт қабілетті болса, ұстазға үнемі іздену қажетВ) Үнемі ізденіп жүретін ұстаз шәкіртіне терең білім бередіС) Үнемі ізденген ұстаздан білім алған шәкірт білімді боладыД) Шәкірті қабілетті болғандықтан, ұстаз үнемі білімін молайтып отырады 18. Іс-әрекеттің шартын білдіретін сөйлемі бар нұсқаны көрсетіңіз.А) Терең білім алу үшін көп іздену қажетВ) Терең білім алғың келсе, көп іздену керекС) Көп ізденген шәкірттің білімі терең боладыД) Шәкірт терең білім алғысы келіп, ізденіп жүр 19. Сөйлемді аяқтаңыз. Жанар Астанаға қыдырып барып, «Бәйтеректі» ... А) жүргім келедіВ) барып келедіС) көргісі келедіД) тұрғысы келеді 20. Сөйлемді аяқтаңыз. Мектепті бітірген соң Нұрланның ҚазҰУ – ға оқуға ... .А) түсіп келедіВ) түскісі келедіС) тұрғысы келедіД) орналасқысы келеді 21. Сөйлемді аяқтаңыз. Алмас досына жолыққалы ... .А) келе жатырВ) келе жатсаС) келе жатпақД) келе жатқанда 22. Сөйлемді аяқтаңыз. Сахнада жас бишілер өнер ... .А) билеп жүрВ) көрініп жүрС) билеп жатырД) көрсетіп жатыр 23. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Ол маған сондай сыпайы боп ... .А) киіндіВ) біліндіС) сезіндіД) көрінді 24. Мағынасы сәйкес келетін сөзді қойыңыз. Ол шапшаң ... де, шаштаразға кетті.А) кигізВ) киініпС) киіндіД) киіндіріп 25. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Сенаттың Әлеуметтік даму комитетінде «Еуропа мәдени конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобасы ... .А) қарасаВ) қарадыС) қаралдыД) қараған 26. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Санақ туралы мәлімет халыққа ... . А) қарадыВ) талдадыС) хабарландыД) талқыланды 27.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Шешесі мен қызы бір-бірінің қас-қабағына қарап ... . А) көрістіВ) әкелістіС) бітірістіД) түсіністі 28. Бірнеше адам бірлесіп орындаған іс-әрекетті белгілеңіз. А) Екеуі көп жылдан кейін сағынысып көрісті.В) Айдар дайындап қойған сыйлықтарын көрсетті.С) Аяғы сыздап ауыра берген соң дәрігерге көрінді.Д) Қанша қиналса да, жабырқаған сәттерін көрсетпеді 29. Оқиға туралы кім айтқанын анықтаңыз. Бастық хатшыға оқыс оқиға туралы айтқызды. А) бастықВ) хатшыС) халықД) теледидар 30. Сөйлемді аяқтаңыз. Режиссер сценарийді қазақ тіліне ... .А) аудардымВ) аударттыңС) аудартқыздыД) аударылды 31. Сөйлемді толықтырыңыз. Даладағы қарлы бұрқасын сәл де болса басылайын ... . А) едіВ) депС) дедіД) емес 32. Сөйлемді толықтырыңыз. Кешеден бері үдеп жауған жаңбыр бүгін кішкене бәсеңдейін ... . А) едіВ) дедіС) дейдіД) демекші 33. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Бұл кітап қызық ..., онда сатып алайын.А) бопВ) болС) болсаД) болады 34. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Сенің бос уақытың бар..., мына тарихи романды оқы, өте қызық екен. А) болуВ) болсаС) боладыД) болатын 35.Мақсатты білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.А) Былтыр бас жүлдені біздің командамыз иеленді.В) Олардың командасы бұл жарысқа қатыспайды екен.С) Үміткер командалар Алматыға жарысқа келетін болды.Д) Біздің құрама команда осы жарысқа қатысайын деп келді. 36. Мақсатты білдіретін сөйлемді көрсетіңіз. А) Боксшылар алдағы жарысқа тыңғылықты дайындалайын деп жатыр.В) Қазақстандық боксшылар осы жарыста жүлделі орынды иелендіС) Біздің боксшылар әлемдік аренада өздерін жаңа қырынан көрсетті.Д) Келесі олимпиадада біздің боксшылар осы жолғыдан гөрі жақсы өнер көрсететін болар. 37. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Болат романның бірінші бөлігін оқып ..., таза ауа жұтайын деп сыртқа шықты. А) болВ) бопС) болуД) болса 38. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Осы айда семинар-тренинг ұйымдастырайын ... жатырмыз. А) деВ) депС) бопД) болған 39. Адамның бірнеше рет барғанын білдіретін сөйлемді табыңыз. А) Марат режиссердің қабылдауына барып еді.В) Бүгін Марат режиссердің қабылдауына барды.С) Бұрын Марат режиссердің қабылдауына барған.Д) Марат режиссердің қабылдауына келгіштеп жүрді. 40. Көп нүктенің орнына қажетті тыныс белгісін қойыңыз. Отан ... қуат, отбасы ... шуақ (мақал).А) үтірВ) жақшаС) сызықшаД) қос нүкте 41. Қарсылықты мағыналы сөйлемді көрсетіңіз.А) Сабақ айту үшін қолымды көтердім.В) Ол маған түсіндіргеннен кейін мен жасай бастадым.С) Түн қараңғы болғанмен, көшенің шамдары жарқырап тұр.Д) Анам жұмыстан оралғанша, мен үй жұмысын жасап үлгеремін 42. «Кілт» сөзінің мағынасын ашпайтын сөзді көрсетіңіз.А) есікті ашатын құралВ) істің, әрекеттің шешілуіС) есіктің ұстайтын жеріД) заттың, құбылыстың бастамасы 43. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз.А) «Өнерпаз болсаң, жол ашық» дегім келеді.В) Сенің «басыңды қатыра бермей» телефонның тұтқасын қояйын.С) Ғабиттің «енді екі-үш жыл жүрсек жетпей ме!» дегені есімде.D) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен! – деді Бейсен. 44. Автордың өз сөзін көрсетіңіз. Жазушы ұлттық сана, ұлттық тіл жойылса, өзі өмір сүрудің қажеті жоқ екендігін жазған. А) «Ұлттық сана, ұлттық тіл жойылса да, өмір жалғасады».В) «Ұлттық сана, ұлттық тіл жойылса, мен үшін өмір сүрудің қажеті жоқ».С) «Ұлттық сана, ұлттық тіл жойылса, мен үшін өмір сүру мүмкіндігі бар»Д) «Ұлттық сана, ұлттық тіл жойылмаса, мен үшін өмір сүру аса қажет». 45. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Спортшылар ... тырысса да, жазғы жарыста бесінші орыннан аса алмады. А) азВ) молС) қаншаД) сонша 46. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Биылғы жазғы Азиадада біздің гимнаст қыздарымыз бұрынғыдан гөрі ... жақсы өнер көрсетті. А) зорВ) молС) біршамаД) соншама 47. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Ол жол үстінде келе жатып ... тынығып алды. А) аздапВ) кенетС) дереуД) жылдам 48. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз. Оқытушы шешендік өнерді ... меңгерген екен, баяндамасының мазмұны терең әрі қызықты болдыА) қиынВ) жетікС) жеңілД) нашар 49. Қимылдың мақсаты көрсетілген сөйлемді белгілеңіз. А) Оның пікірі мүлде кереғар болып шықты.В) Әкем оның пікірін лажсыздан тыңдадыС) Әкем оның бұл іске қатысты пікірін тыңдады.Д) Әкем оның ойын білмек болып, жорта сөйледі. 50. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Қызмет орнымен жақсылап танысуы үшін ... шақырып отырмын. А) әдейіВ) босқаС) бекергеД) қасақана ОҚЫЛЫМ БӨЛІГІ 1-мәтін Менің атым – Нұржамал. Ұлтым – қазақ. Шығыс Қазақстан облысында тудым. Әкем әскери қызметте болған соң, жұмыс бабымен Алматы қаласына көшіп келдік. Осында орта мектепті бітірдім. Мектепте оқып жүргенде шет тілін үйренуге көп көңіл бөлдім. Шет тілін үйрену курстарына үзбей қатыстым. Ағылшын тілін тез меңгеріп кетуіме тіл үйрену курсындағы оқытушыларымның еңбегі ерекше болды. Бірде жазғы демалысымда Нью-Йорк қаласына бару мүмкіндігі туды. Ағылшын тілін жетілдіре түсуіме бұл сапардың көп көмегі тиді. Шет тілін үйренуге көп көңіл бөлуім – өз тіліме менсінбей қарау деген сөз емес. Қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырзалиевтің: «Ана тілің- арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» - деп айтқанын үнемі ойымда сақтаймын. Біздің отбасымызда туған тіліміз бен халқымыздың салт-дәстүріне үлкен құрметпен қарайды. Атам мен әжем бізбен бірге тұрады. Жазғы демалыста анамның туған ауылы Көктерекке барамыз. Ауылдың табиғаты мен таза ауасы үнемі өзіне тартып тұрады емес пе?! Нағашы атам – өте әңгімешіл кісі. Өзінің жас шағында тыңдаған аңыз-әңгімелерін әлі де ұмытпаған. Соларды әңгімелеп айтқанда, бәріміз ұйып тыңдаймыз. Атамды шежіреші қарт деуге де болады. Туған жердің, жергілікті жұрттың тарихын, отбасы шежіресін терең біледі. Балалары мен немерелерінен ана тілін құрметтеуді талап етіп отырады. Мен де атамның сол өнегесін көріп өстім. Ал әжем – ұлттық салт-дәстүрді және әдет-ғұрыпты біліп, оны өмірде ұстанатын адам. Әжем қыз балаға ерекше қарап,қыздарын өзіне жақынырақ тартады. Қыз баланың тәрбиесі отбасы мен тұтас жұрттың тағдырына ықпалы күшті болады дегенді жиі айтып отырады. Ол ұлттық тағамдарды дайындағанда, бәріміз сүйсініп жейміз. Әсіресе, әжемнің пісірген бауырсағы мен женті тіл үйіреді. Әжемнің бойынан барлық қазақ аналарына тән қасиетті көремін. Өзімнің осындай отбасым болғанына бақыттымын. Біздің отбасында балалардың тәрбиелі болып өсуіне сол аталарым мен әжелерімнің үлкен әсері болды. Олар балаларының сүйікті ісімен айналысып, білімді азамат болып өскеніне көп көңіл бөледі. Мен де бос уақытымды тиімді пайдалануға үйрендім. Бос уақытымда шетел әдебиеті классиктерінің шығармаларын түпнұсқада оқуға тырысамын. Шетел әдебиетінің қазақ тіліндегі аудармаларымен де танысып шықтым. Мектепте үздік оқып, «Алтын белгі» иегері атандым. Мектепті үздік бітірген соң, маған мамандықты және жоғары оқу орнын таңдауға мүмкіндік туды. Мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін таңдадым. Таңдаған мамандығым өзіме қатты ұнайды. Мектепте жүріп тіл курстарына қатысқаным университетте көп көмегі тиді. Мен университетте оқып жүріп, шығыс халықтарының әдебиетімен, тарихымен терең танысуға баса назар аудардым. Шығыс тілдерінен араб тілін үйренуді қолға алдым.Араб тілді мұсылман мемлекеттерінің тарихын ислам дінінің тарихымен бірге оқып үйрендім. Өзге елдер тарихын, үнемі туған елімнің тарихымен сабақтастырып отырамын. Мен оқуымды сәтті аяқтадым, мамандығым бойынша жұмыс істеу үшін көп тәжірибе жинақтауым керек болды. Еңбек тәжірибемнің негізгі мамандығым бойынша қызметке орналасуыма көп септігі тиді. Қазір шетелдегі Қазақстан елшілігінде істеймін. Қазақстанның абыройына нұқсан келтірмеу бір сәт те ойымнан кеткен емес. 1.Мәтін мазмұнын ретімен көрсетіңіз.А) ана тілі, шығыс тілдері,отбасы, мектеп, мамандық,шет тіліВ) мектеп, шет тілі, ана тілі, отбасы, тәрбие, мамандық, жұмысС) отбасы, тәрбие,жұмыс, шет тілі, ана тілі, тарих, шығыс тілдеріD) мамандық,шет тілі, шығыс тілдері, салт-дәстүр,мектеп, ана тілі 2. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз. А) мемлекет,тарих,шет тілі,елшілік,мамандықВ) ауыл, дәстүр,әже,тәрбие,отбасы,салт-дәстүрС) отбасы, тілге құрмет,ұлттық тәрбие, мамандықD) абырой,тіл,елшілік,мамандық,тіл үйрету курсы 3. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.А) Қыз балалар туған тілін ерекше құрметтейдіВ) отбасымызда туған тілге көп көңіл бөлінеді.С) отбасымызда туған тілге, салт-дәстүрге үлкен құрметпен қарайды.D) Отбасымыз халқымыздың салт-дәстүрін және әдет ғұрпын құрметтейді. 4. Тақырыпқа қатысты қосымша ақпаратты таңдаңыз.А) Таңдаған мамандығым өзіме қатты ұнайды.В) Шығыс тілдерінен араб тілін үйренуді қолға алдым.С) Қазақстанның абыройына нұқсан келтірмеу бір сәт те ойымнан кеткен емес.D) Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасы іске асуда 5. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.А) Адамның жеке өмірінен дерек беру.В) Бала тәрбиесі туралы сипаттама жасау.С) Отбасындағы тәрбие жайлы ақпарат беру.D) Қазақ қызының өз тіліне деген құрметін көрсету. 6. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.А) Менің үлгілі отбасым.В) Өзім туралы бірер сөз.С) Аталар сөзі – ақылдың көзіD) Мен таңдаған мамандық. 7. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.А) Тәрбие отбасынан басталады.В) Шет елдердің тілін білу-арманым.С) Әжем қыздарын өзіне жақынырақ тартып өсірді.D) Мен оқуымды сәтті аяқтап, мамандығым бойынша жұмыс істеймін. 8.Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.А) Менің отбасымВ) Алтын ұя мектебімС) Ағылшын тілін үйренуD) Менің балалық шағым 9.Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.А) «Ана тілің – арың бұл»В) Өнерді үйрен де, жиренС) Шет тілін үйрену - мақтанышD) Шет тілде сөйлеу - басты мақсат 10.Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.А) Отбасы шежіресіВ) Үлкендердің өсиеттеріС) Аталар сөзі - ақылдың көзіD) Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер 11.Мәтіндегі ақпаратты жағымды бағалайтын нұсқаны таңдаңыз.А) Оның әкесі – әскери қызметкер.В) Ол –Шығыс Қазақстан облысының азаматы.С) Оның әжесі пісірген тағамдарды сүйсіне жейміз.D) Нұржамалдың отбасы салт-дәстүрді құрмет тұтады. 12. Мәтін мазмұнындағы басты ақпаратқа қарама-қарсы ақпаратты табыңыз.А) Анасы Көктерек ауылында туып-өскен.В) Нұржамалдың нағашы атасы көптеген аңыз-әңгімелерді білген.С) Қазіргі заманда әр адам ана тілінен гөрі шет тілдерін білуі қажет.D) Әжесі бала тәрбиесіне, әсіресе қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді. 13. Автордың пікірін білдіретін ақпаратты таңдаңыз.А) Ол елінің абыройын сақтауды әрқашан ойынан шығарған емес.В) Нұржамалға өзінің әжесінің әзірлеген бауырсағы мен женті ұнайды.С) Нұржамалдың отбасында балалар тәрбиесіне өте көп көңіл бөлінедіD) Нұржамал мектепте жүрген кезінен бастап шет тілін үйренуге құмартты. 14.Мәтіндегі себеп-салдарлық байланысты анықтаңыз. Нұржамалдың әкесі әскери қызметкер болғандықтан,... .А) Көктерекке жұмысқа орналасты..В) ауылдағы ата-анасына көшіп келді.С) Туған жерінен Алматы қаласына көшті.D) Алматы қаласынан Нью-Йорк қаласына көшті. 15. Мәтін мазмұнына керекті қосымша фактілік аргументті табыңыз.А) Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің.В) Шет тілін үйренуге көп көңіл бөлу – өз туған тіліне менсінбей қарау деген сөз емес.С) Ағылшын тілін жетілдіре түсуіме Нью-Йорк қаласына сапар шегуімнің көп көмегі тиді.D) Отбасымызда туған тіліміз бен халқымыздың салт-дәстүріне үлкен құрметпен қараймыз. 2-мәтін Қазақ халқы қашан да құс атаулыны ерте заманнан-ақ ерекше құрметпен келген. Қыран бүркіт, алғыр қаршыға, көк дауыл сұңқар, ұшқыр тұйғын баулып, оларды қиянға салып, өнерін құмарта тамашалаған. Қазақ – меірімді халық. Ол құстарға үнемі қамқор болған. Құстарды ешқашан жәбірлемеген, оларды жәбірлеген адамдарды рақымсыз санап, құстарға қиянат жасатпаған. Бұл жөнінде ел аузында мынадай бір аңыз бар. Жоңғар жаугершілігі кезінде адамдар ата-баба қоныс, ел-жұртын тастап, жандарының амандығын ойлап, бас сауғалап, жан-жаққа қашқаны белгілі. Сондай бір жаугершілік жылдары, жау келе жатқан жолда ұлы жүздің атақты биі Төле би көшпей, жалғыз үй қалып қойған екен. Ентелеп келіп, бас қойған жау еш қаперсіз жұртта отырған жалғыз үйді көріп, оның бұл қылығына таң-тамаша қалады. Өктем жау ордаға келіп ойран салмақ болғанда, Төле би шығып: «Ей, адамзаттың балалары! Биыл көктемде шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Қазір сол ұяда оның қызылшақа жас балапандары жатыр. Соларды аяп, өзгелерге ұқсап үдере көшпей, шаңырағымды бұзбай, жолдарыңда қалып қойып едім. Ең болмаса, сол балапандарды аяңдар. Өзіме тисеңдер де, шаңырағыма тимеңдер!» - деп өтініш жасаған екен дейді. Сонда жауыздығымен әлемге аты жайылған жоңғар басқыншыларының өзі Төле бидің зор адамгершілігі мен асқан мейірімділігіне риза болып, оның шаңырағына тиіспеген екен дейді. Саятшылық – үлкен өнер, ата салтымыз. Әр кезде оның мән-мағынасын дұрыс түсіне білу керек. Саятшылық құру – аң-құсты қырып жою деген сөз емес, қайта оған қамқор болу, жанашырлық ету деген сөз. Ел арасында аңдар мен құстардың қайсысының қай уақытта өсіп көбейетінін, жүретін жерін, олардың мекендейтін, жайылатын орнын, жүріс-тұрыс, мінез-дағдысын өте жақсы білетін адамдар көп болған. Олар аң-құстың өсіп көбейетін кезінде мазасын алып, үркітпейді, қайта оларға қамқор болып жүреді. Қазақ халқында құралайды көзден атқан мергендердің өзі аң-құстың бәріне бірдей тие бермеген, қалағанын ғана таңдап, оларды талғап ататын болған. Өйткені табиғат-ана әркімнен өзгеге залалын тигізбей, қажетін тап басып тауып алуды, өзін аялауды, шапағатты көзбен қарауды қалайды. Ол ешқашан да өзін жәбірлеуді, рақымсыздық танытып, қиянат жасауды көтермейді. Аң мен құс – табиғаттың байлығы. Ата-бабамыз осы табиғат байлығына үнемі қамқор бола білген. Құстарға ұя жасау адамзаттың борышы деп санаған. Құс ұясын ешкімге бұзғызбаған. Өйткені құс ұясын бұзған адамның өз шаңырағы бұзылады деп есептеген. Ата-бабамыз тұмсығы тесік құстың бәрін табиғаттың азат перзенті санап келді. Олардың бостандығына, өсіп-өнуіне қиянат етпеген еді. «Құс – табиғат-ананың перзенті төл баласы» деп, оларды жәбірлемеді. Ендеше мұны әрбір адам есте ұстауы керек. Ата-бабасының салт-дәстүрін ұмытпаған ұрпақ – тәрбиелі, саналы ұрпақ. Ондай ұрпақтың қашан да тамыры тереңде, болашағы зор болады. Ондай ел тамыры тым тереңге кеткен зор бәйтерек тәрізді мықты болады. Өз елінің салт-дәстүрін сақтап отыру әр ұрпақтың қасиетті борышы саналған. Ол ата-бабасының өз ұрпағына, болашаққа жеткізер аманаты. Қазақ – ата-бабасының аманаты түгіл, көлденең кездескен кез келгеннің аманатына қиянат жасамаған халық. 16.Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.А) Саятшылық – құстардың санын азайтудың жолы.В) Жаугершілік кезінде адамдар ел-жұртын сақтап қалды.С) Қазақ құс атаулыны ерте заманнан-ақ ерекше құрметтеген.D) Саятшылық құру «аң- құсты қырып жою» деген мағына береді. 17. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.А) сұңқар, тұйғын, үкі, қыран бүркіт, қамқорВ) құс, қамқор, қарлығаш, саятшылық, салт-дәстүрС) саятшылық, өнер, қамқор, қыран бүркіт, алғыр қаршығаD) адам, сұңқар, саятшылық, жаугершілік, салт-дәстүр, құс 18. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.А) Халқымызда құстардың көбейетін уақытын білетін адамдар бар.В) Халық арасында құстарды жоғары бағалайтын жандар көп болған.С) Ел арасында құстардың мекендейтін орнын білетін адамдар өте көп.D) Халық арасында құстардың көбейетін кезін, мекендейтін орнын білетін адамдар болған. 19. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз. Жоңғар жаугершілігі кезінде Төле би неліктен көшпеді?А) өз үйін қимағандықтанВ) шешендік өнерін дәлелдеу үшінС) қарлығаштың балапандарын аяғандықтанD) өзінің шаңырағын бұзғысы келмегендіктен 20. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. А) Қазақ халқының саятшылық өнері туралы баяндалады.В) Киелі қарлығаш құсы туралы халық аңызы баяндалады.С) Қазақ халқының мергендерінің ерлігі туралы баяндалады.D) Жоңғар басқыншыларының жасаған қиянаты туралы айтылады. 21. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.А) Ата-баба аманатыВ) Жоңғар жаугершілігіС) Құс – табиғат перзентіD) Ұлы жүздің атақты биі 22. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.А) Аң-құсқа қиянат жасау - жақсы емес.В) Саятшылық өнері – қазақ өнерінің бір түрі.С) Тәрбиелі ұрпақ ата-баба дәстүрін сақтайды.D) Қазақта құралайды көзден атқан мергендер көп болған. 23.Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.А) Жаугершілік кезіВ) Ата-баба шаңырағыС) Қазақ халқының өнеріD) Қазақ халқы – қамқор халық 24. Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.А) Ел аузындағы аңызВ) Табиғат-ана перзентіС) Адамзаттың борышыD) Саятшылық өнер түрлері 25. Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.А) Ұлы жүздің билерінің біріВ) Аң-құстарға қамқорлық танытуС) Құс туралы кең тараған халық аңызыD) Ата-баба дәстүрін сақтау жолдары 26. Мәтіндегі ақпаратты жағымсыз бағалайтын нұсқаны таңдаңыз.А) Қазақстанда көптеген аң-құстар кездеседі.В) Құс – табиғат ананың перзенті, төл баласы.С) Ел арасында құстар туралы аңыз көп сақталған.D) Құс ұясын бұзған адамның өз шаңырағы бұзылады. 27. Мәтін мазмұнындағы басты ақпаратқа қарама-қарсы ақпаратты табыңыз.А) Саятшылық – қазақ өнерінің бір түрі.В) Мергендер аң-құсты таңдап-талғап ататын болған.С) Құстарға қамқорлық таныту – адамзаттың борышы.D) Қазақ халқы қоршаған ортаға емес өзінің өмірі мен тұрмысына көп көңіл бөлген. 28. Автордың пікірін білдіретін ақпаратты таңдаңыз.А) Бидің шаңырағына көктемде қарлығаш келіп ұя салды.В) Салт-дәстүрін сақтаған ұрпақтың болашағы зор болады.С) Жоңғар басқыншылары Төле бидің адамгершілігіне риза болады.D) Саятшылық құру – «аң-құсқа қамқор болу, жанашырлық таныту» деген сөз. 29. Мәтіндегі себеп-салдарлық байланысты анықтаңыз. Жоңғар басқыншылары бидің шаңырағына тиіспеді, өйткені ... .А) оның сөзіне риза болдыВ) ол – ерлігі асқан қазақ батырыС) бидің қалың әскерінен қорықтыD) оның адамгершілігіне риза болды 30. Мәтін мазмұнына керекті қосымша фактілік аргументті табыңыз.А) Ата-бабамыз құсты табиғаттың перзенті санайды.В) Құс ұясын бұзған адамның шаңырағы да бұзылады.С) Қазақ халқы – ата-баба аманатына қиянат жасамаған халық.D) Қарлығаш құсы туралы аңызға байланысты Төле биді халық «Қарлығаш би» деп атаған. Time is Up!