А2-Мемлекетік тіл Опубликовано 18/01/2021 автором admin А2 ҚОРЫТЫНДЫ ТЕСТІ Аты-жөніңіз: Мекеме аты: Оқытушы: Тыңдалым бөлігі 1-диалог https://kzordatil.kz/wp-content/uploads/2021/01/1.1-А2-каз-яз.mp3 1. Дұрыс жауабын таңдаңыз. Таксиді шақырту себебі -...A) вокзалға баруB) әуежайға баруC) автовокзалға баруD) қонақүйге жетіп алу 2. Дұрыс ақпаратты табыңыз.A) Салтанат ұшақпен келеді.B) Салтанат пойызбен келеді.C) Салтанат қонақүйге орналасады.D) Аслан әуежайға өз көлігімен барады. 2-диалогhttps://kzordatil.kz/wp-content/uploads/2021/01/1.2-А2-каз-яз.mp33. Диалогтің не туралы екенін анықтаңыз.A) бәйгеге ат қосуB) ұлттық спорт ойындарыC) көкпар тартып көру қажеттігіD) тоғызқұмалақ ойнаудың ережесі 4. Қате ақпаратты көрсетіңіз. Атқа міне білу ... үшін қажет.A) көкпарB) қыз қууC) ат бәйгесіD) тоғызқұмалақ 3-диалогhttps://kzordatil.kz/wp-content/uploads/2021/01/1.3-А2-каз-яз.mp35. Сұхбат өтіп жатқан орынды анықтаңыз.A) Сән үйіB) АтельеC) Киім дүкеніD) Кеңес беру орталығы 6. Диалог мазмұнына сай сөйлемді аяқтаңыз. Сатушының берген кеңесі -....А) костюмді жеке сатып алуВ) ательеде тапсырыспен тіктіруС) орталықпен серіктес болуD) кәсіби тігіншілермен ақылдасу 4-диалог тапсырмасыhttps://kzordatil.kz/wp-content/uploads/2021/01/1.4-А2-каз-яз.mp3 7. Дұрыс ақпаратты табыңыз. Сәкен баратын оқу орны - ... .A) орта мектепB) физика факультетіC) Ұлттық техникалық университетD) Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы 8. Диалог болған мезгілді анықтаңыз.A) жаздаB) күздеC) қыстаD) көктемде 5-диалог https://kzordatil.kz/wp-content/uploads/2021/01/1.5-А2-каз-яз.mp39. Сөйлемді қажетті ақпаратпен толықтырыңыз. Бекзат Саттарханов туралы мәліметтер маған ... үшін қажет.А) ол туралы кино түсіруВ) оның балалық шағын білуС) ол жайында шығарма жазуD) оны арнайы сыйлыққа ұсыну 10. Сөйлемді диалог мазмұнына сәйкес аяқтаңыз. «Бекзат» фильмінің тұсаукесері ... .A) Бекзаттың туған ауылында болды.B) Қазақстан киноматографистер одағында өтті.C) Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтті.D) Қазақ телеарнасының «Еларна» арнасында өтті. ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ БӨЛІК 1. Көп нүктенің орнына қажетті қосымшаны қойыңыз. Бүгін Асан... өнім туралы сөйлесеміз.A) - бенB) - менC) - пенD) -кер 2. Көп нүктенің орнына қажетті қосымшаны қойыңыз. Бүгінгі кездесуге белгілі қалам... шақырылдыA) -қойB) -екеC) -герD) -паз 3. Қосымша жалғанған кезде түбірдің соңғы дыбысы өзгерген сөзді көрсетіңіз. A) бақшадаB) бағыныңC) көшеденD) саябаққа 4. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Сіздің кешегі ... дұрыс.A) сұрағымB) жауабыңызC) сұрақтарыңD) жауаптарың 5. Мағыналары қарама-қарсы сөздерді табыңыз.A) зиянды - қауіптіB) зиянды - қатерліC) пайдалы - зияндыD) пайдалы – шипалы 6. Мағыналары қарама-қарсы сөздерді табыңыз.A) оңай - қиынB) қиын - ауырC) оңай - жеңілD) оңай - қарапайым 7. «Әңгімелесу» сөзімен мәндес сөзді белгілеңіз.A) сұрауB) кеңесуC) сөйлесуD) ақылдасу 8. «Қолайлы» сөзіне мәндес сөзді белгілеңіз.A) тиімдіB) пайдалыC) ыңғайлыD) қызықты 9. Екі сөздің бірігуінен жасалған сөзді табыңыз.A) елB) өлкеC) ауданD) атамекен 10. Екі сөздің бірігуінен жасалған сөзді табыңыз.А) ертеВ) ертеденС) таңертеңD) таңнан 11. Көп нүктенің орнына күрделі сөздің екінші сыңарын қойыңыз. Ол әке-... жиі ойлайтын.A) баламB) шешесінC) ағаларыңD) туысқаны 12. Көп нүктенің орнына күрделі сөздің бірінші сыңарын қойыңыз. ... -шағаң аман-есен бе?A) ҰлB) АғаC) ҚызD) Бала 13. Қысқарған сөздің толық түрін көрсетіңіз. БҒМ бекіткен құжаттарA) Білім жетілдіру институтыB) Білім және ғылым министрлігіC) Білім және ғылым департаментіD) "Болашақ" халықаралық стипендиясы 14. Қысқарған сөзді көрсетіңіз.A) таңертеңB) ұжымшарC) кәсіпорынD) бүгін-ертең 15. Бір ғана ұғымды білдіретін сөзді көрсетіңіз.A) қатты құртB) ащы қымызC) салқын көжеD) наурызкөже 16. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Неге ... сатып алмадыңыз?A) баскиімB) тоқыманыңC) жақсы талғамD) үлкен сөмкеге 17. Көп нүктенің орнына еркелету мәнді адам атын қойыңыз. ..., әжеңді тыңдап, көмектесіп жүрA) НұрбибіB) НұрақметC) НұрсұлтанD) Нұржантай 18. Сыйлау мағынасындағы адам атын табыңыз.A) ЕрікB) ЕрланC) ЕрекеD) Ерасыл 19. Саналмайтын зат атауын белгілеңіз.A) газетB) ақылC) кітапD) қалам 20. Саналмайтын зат атауын белгілеңіз.A) ұнB) нанC) бәлішD) бауырсақ ОҚЫЛЫМ БӨЛІГІ 1-мәтін Мен – мұнайшылар әулетіненмін. Менің әкем де, атам да мұнайшы болған. Қазір мен әулетіміздің ісін жалғастырудамын. 1-мәтінге сәйкес тест тапсырмалары: 1. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз. Біз ... үш мұнайшымыз.A) қазірB) бұрынC) әулеттеD) жұмыста 2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз. A) Мен мұнайшымын.B) Менің әкем қазір мұнайшы.C) Ата, әке, бала мұнайшылар.D) Мен мұнайшының немересімін. 3. Сөйлемді толықтырыңыз. Қазір ... әулетіміздің ісін жалғастырудамын.A) олB) сенC) менD) олар 2-мәтін Әл-Фараби өзінің ұстазы Аристотельдің кітаптарын көп оқып, оның кейбірін жатқа білген. Бір күні ғалымдар одан: - Кім көп біледі, сіз бе, әлде Аристотель ме? – дегенде ол: - Егер Аристотель тірі болып, оған кездессем, мен оның шәкірті ғана болуға жарар едім, - депті. 2-мәтінге сәйкес тест тапсырмалары: 4. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. A) Әл-Фараби көп кітап оқыған.B) Шәкірті ұстазынан көп біледі.C) Аристотель ғалымдармен кездесті.D) Ұстаз шәкіртіне кітап оқып берді. 5. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз. A) Ұстаз кімдермен кездесті?B) Әл-Фараби сұраққа қалай жауап берді?C) Шәкірті ұстазына нені жатқа айтып берді?D) Әл-Фараби Аристотельдің қандай кітаптарын оқыды? 6. Әл-Фарабидің ұстазының есімін табыңыз.A) ҒұламаB) АристотельC) ФизулиD) Сократ 3-мәтін «Синоптик» өсімдіктер Табиғатқа зер салсақ, одан ауа райын болжағыш «синоптик» өсімдіктерді кездестіруге болады. Мысалы, гүл қауашықтары біркелкі ашылса, ауа райы ашық болады. Керісінше, гүлдері төмен қарап, жабылып тұрса, ауа райы жауын-шашынды болып келеді. Өсімдіктің сабағы төмен қарап иіліп тұрса да жауын-шашын болады. Ал егер тік болса, ауа райы жақсы болады деп алдын ала пікір айтуға болады. Мұны қымыздық, бақбақ, егінжай шырмауығы сияқты өсімдіктерден байқай аламыз. Егер қайың қандыағаштан бұрын жапырақ жайса, сол жылы жаз құрғақ, жылы болады. Егер қандыағаш ерте бүршік жарса, жаз ылғалды, салқын болады деп есептейді. 3-мәтінге сәйкес тест тапсырмалары: 7. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. A) Өсімдіктер ауаны тазартады.B) Жылы жақта өсімдіктер жақсы өседі.C) Жаңбырдан кейін өсімдіктер жапырағын жаяды.D) Өсімдіктерге қарап ауа райын байқауға болады. 8. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз. A) Қандыағаш қандай жерлерде өседі?B) Қазақстанда өсімдіктің қанша түрі бар?C) Бақбаққа қарап ауа райын қалай болжауға болады?D) Өсімдіктердің пайдасы туралы қандай пікірлер айтылған? 9. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз. A) ауа райы, бақбақ, гүлдер, жапырақ, жазB) табиғат, «синоптик» өсімдіктер, ауа райыC) қайың, табиғат, өсімдіктер, қандыағашD) «синоптик» өсімдіктер, жылы, салқын, гүл 10. Мәнмәтіндегі асты сызылған сөздің мағынасын ашыңыз. Табиғатқа зер салсақ, одан ауа райын болжағыш «синоптик» өсімдіктерді кездестіруге болады.A) сезуB) көруC) есептеуD) алдын ала байқау 4-мәтін Акрит деген үнді баласы әлемдегі ең жас дәрігер атанған. Бес жасында ол анатомияны жақсы білген. Ал жеті жасында өзінің алғашқы хирургиялық операциясын жасаған. Ол жергілікті ауруханаға барып жүреді. Аурухана дәрігерлері жас балаға операцияларды бақылап көруге рұқсат еткен. Осы арқылы Акрит хирургияны жақсы меңгеріп, профессорларға өз білімін дәлелдеген. Ол жеті жасқа келгенде бір кедей отбасының қызына операция жасайды. Қазіргі уақытта Акрит медицина университетінің ең жас студенті атанып отыр. 4-мәтінге сәйкес тест тапсырмалары: 11. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз. A) Акрит – ең жас дәрігер.B) Акрит ең жас профессор атанды.C) Кішкентай Акрит медицинаны оқыды.D) Үнді баласы кедей отбасына көмектеседі. 12. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. A) Ол қазір жұмыс істейді.B) Оған профессор сабақ береді.C) Операцияларды бақылап жүрді.D) Балаға анатомияны дәрігерлер үйретті. 13. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз. A) Акрит қазір неше жаста?B) Профессор оған не айтты?C) Акрит қандай оқу орнында оқиды?D) Акриттің болашақтағы арманы қандай? 14. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.A) үнді баласы, дәрігер, хирургиялық операция, жас студентB) Акрит, кедей отбасы, алғашқы операция, хирургияны меңгеруC) үнді баласы, кедей отбасы, хирургиялық операция, жас студентD) үнді баласы, дәрігер, хирургиялық операция медицина университеті 15. Мәнмәтіндегі асты сызылған сөздің мағынасын ашыңыз. Ал жеті жасында өзінің алғашқы хирургиялық операциясын жасаған.A) негізгіB) біріншіC) маңыздыD) қызықты 5-мәтін Британдықтар бір парақтың қалыңдығындай ғана планшет ойлап тапты. Бұл құрылғыны қолдан түсіріп алсаңыз да сынбайды. Қалтаға бүктеп салып алсаңыз да болады. Алғашқысының экранының диагоналі – 10,7 дюйм. Электронды «қағазды» жеке компания мен университеттер ойлап тапты. Алдағы бес жылда майысқақ жұқа компьютерлер дүкенге келуі мүмкін. Бұл технология қағаз құжаттарын ауыстыра алады. Қазір ақ-қара дисплейі бар, болашақта түрлі-түсті дисплей жасалып жатыр. Бұған дейін Samsung смартфон үшін 1280-нен 720 пиксель майысқақ экран жасап шығарған. 5-мәтінге сәйкес тест тапсырмалары: 16. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. A) Планшетті қалтаға салуға болады.B) Планшетті жасау үшін бес жыл уақыт керек.C) Планшетті мемлекеттік компания ойлап тапты.D) Samsung компаниясы парақ сияқты жұқа компьютерлер жасады. 17. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз. A) Британдықтар планшетті қалай жасайды?B) Электронды «қағазды» кімдер ойлап тапты?C) Планшетті Samsung компаниясы құрастырды ма?D) Қазіргі жұқа компьтерлердің дисплейі түрлі-түсті ме? 18. Samsung смартфон үшін не жасап шығарған?А) ұялы операторВ) қағазС) майысқақ экранD) кітап 19. Мәнмәтіндегі асты сызылған сөздің мағынасын ашыңыз. Бұл технология қағаз құжаттарын ауыстырады.A) көшіредіB) жасайдыC) шығарадыD) алмастырады 20. Алғашқы жасалған планшет экранының диагоналі қандай?A) 9,9 дюймB) 5,4 дюймC) 3,6 дюймD) 10,7 дюйм Time is Up!