Ақпарат

Орталық тарихы
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-і алғаш рет 2008 жылдың 14 сәуірінде «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» құрылып, өз жұмысын бастады.
2016 жылдың 30 маусымында облыс әкімінің №509 қаулысымен Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-і болып қайта құрылды.
2022 жылдың 27 маусымындағы Қызылорда облысы әкімдігінің №01-14-94 бұйрығына сәйкес «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-і болып қайта өзгертілді.