kzordatil

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Орталық директорының орынбасары Жаныгүл Мұхитқызы Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлеріне «Қазтест» жүйесінің маңызын түсіндірді.

Іс-шараның мақсаты — ҚР Тіл саясатын жүргізудің 2023-2029

жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және ресми іс-құжаттарын мемлекеттік тілде толтыру.

Кездесу барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Қаулысына сәйкес бекітілген жаңа өзгерістер, «Қазтест» жүйесінде тест тапсыру, сертификат алу қағидалары кеңінен айтылды.

Ақпараттық сағат соңында қатысушылар сұрақ-жауап алмасты.