National symbols of Republic of Kazakhstan

Бүгін Қазалы ауданы бойынша ағылшын тілінің оқытушысы Ғ.Тілектес 4 маусым – Рәміздер күніне орай «National symbols of Republic of Kazakhstan» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың басында танымдық ребустарды құрастыру арқылы тыңдаушылардың назарын аударды. Тыңдаушылар ел рәміздері жасырлыған ұяшықтарды тауып, танымын арттыратын жаттығуларды орындады. Сабақ барысында мемлекеттік рәміздер туралы жан-жақты ақпарат беріліп, мерекелік құттықтау тілектерде айтылды.