ДИКТАНТ НӘТИЖЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Ұлттық домбыра күніне орай Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен 2021 жылғы 2 шілдеде өткен «Қос ішек» тақырыбындағы онлайн диктанттың қорытындысын жариялаймыз. Диктантқа Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның ЗК-169/4 мекеме қызметкерлері қатысқан болатын.

Диктант нәтижесіне сәйкес, А.Яхияева, Д.Оспанов, М.Табылғанова, А.Ботпанованың жазба жұмыстары үздік деп танылды, сонымен қатар Ә.Жакаев, Р.Бектұрған, А.Жүсіпбек алғысқа ұсынылды. Жоғарыда аталған қызметкерлер Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы “Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы” КММ директорының арнайы дипломымен және алғыс хатымен марапатталатын болады.