ӘРІПТЕС МЕРЕЙІ

2021 жылдың  12-15 тамыз аралығында Біріккен Араб Әмірлігін “Дубай форум – 2021” атты ұстаздарға арналған ғылыми-практикалық конференция және соның аясында 20 сағаттық оқыту курсы өтті. Аталмыш конференцияда орталықтың ағылшын тілі оқытушысы Жаманқұлова Қасиет “Developing reading comprehension skills through a theme and task based learning model” тақырыбында баяндама оқыды. Әріптесіміз Қасиет оқыту курсының әр кезеңінде белсенділік танытқаны үшін, сонымен бірге баяндамасы үздік деп танылғаны үшін “Шебер ұстаз” төсбелгісімен марапатталды. Әріптесіміздің халықаралық деңгейдегі марапатымен құттықтаймыз!