ТІЛ САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ТІЛ САЯСАТЫ КОМИТЕТІНІҢ ұйымдастыруымен «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының «Тіл саясатын іске асыру» кіші жобасын талқылау өтті. Талқылауға орталық директоры Л.Ортаева мен әдіскер Ж.Ерекешова қатысты. Шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тіл саясаты комитетінің төрағасы Ә.Қаба, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғ.Мұхамеджанұлы «Тіл саясатын іске асыру» кіші жобасымен таныстырып, тіл жанашырларының сауалдарына жауап берді. Шара барысында филология ғылымының докторы, профессор Ш.Құрманбайұлы, қоғам қайраткері, тіл жанашыры О.Асанғазы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолындағы атқарылуы тиіс жұмыстардың жүйесі туралы жан-жақты ұсыныстарын жеткізді. Талқылауда қарастырылған мәселелер мен ұсыныстар қаперге алынып, қорытындысы хаттамаға тіркелетіні хабарланды.