Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы

Бүгін 4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздер күні меркесіне арналған «Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік символы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты Арал ауданы бойынша мемлекеттік тіл маманы П.Ізбасарова жүргізді. Сабақ барысында тыңдаушылар рәміздердің тарихынан сыр шерткен бейнеролик тамашалап, оқылым, тыңдалым жаттығуларын орындады. Сонымен қатар өзара пікір алмасып, мерекелік құттықтау лебіздерін жеткізді.