ЕЛОРДА КҮНІНЕ ОРАЙ ОНЛАЙН ДИКТАНТ ӨТТІ
Бүгін Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен, “Облыстық тілдерді оқыту орталығының” ұйымдастыруымен 6 шілде – Елорда күніне орай «Еңсесі биік Елорда» тақырыбында онлайн диктант өткізілді. Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өңірде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру және қазақ тілінде жазу сауаттылығын қалыптастыру. Диктантқа Кызылорда облысы басқармаларының қызметкерлері қатысты. Шараға қатысушылар жазба жұмысын жазар алдында жағымды психологиялық көңіл-күй қалыптастыруға арналған «Әуенді сауалнама» толтырды. Орталық директоры Л.Ортаева қатысушыларды мерекемен құттықтап, ZOOM платформасы арқылы онлайн диктант жазудың ережесі мен талаптарын түсіндірді. Диктант мәтіні орталықтың ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында талқыланып, бекітілген болатын. Ондағы сөз саны – 143, яғни В2 ортадан жоғары деңгейге арналған. Диктант мәтінін орталық әдіскері Ж.Ерекешова оқыды.
Шара соңында қатысушылар өз жұмыстарын сканерлеп, орталықтың электронды поштасына жіберді. Үздік деп танылған диктант жұмыстары 7 шілде күні жарияланатын болады. Сонымен қатар Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының арнайы алғыс хатымен марапатталады.