ЕЛОРДА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ

«НУР-СУЛТАН – МОЯ СТОЛИЦА!»

Бүгін орталықтың Қазалы ауданы бойынша орыс тілі оқытушысы Л.Алибекова 6 шілде – Астана күніне орай «Нур-Султан – моя столица» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ ZOOM платформасындағы тіл үйренушілердің жағымды «Тыныс алу» жаттығуынан басталды. Сабақ барысында тіл үйренушілер тақырыпқа сай берілген “Нурсултан” сөзжұмбағының сұрақтарына жауап беріп, жасырылған сабақ тақырыбын тапты. Сабақта “learningApps” бағдарламасында орналастырылған бірнеше интерактивті тапсырмалар ұсынылып, тыңдаушылар қызығушылықпен орындады. Нұрсұлтан қаласы тарихын таныстыратын бейнеролик көрсетіліп, ол бойынша тіл үйренушілердің орыс тілінде айтылым дағдыларының қалыптасуына ықпал жасалды. Сондай-ақ оқылым, жазылым, караоке арқылы топпен ән айту жұмыстары өте шебер ұйымдастырылды.

Жүйелі әрі мазмұнды, жаңа интерактивті әдістермен өткен сабаққа тыңдаушылар белсене қатысып, ерекше әсер алды.