Буккроссинг -Жалағаш ауданында Әкім Тарази«Қорқау жұлдыз» шығармасы

Бүгінгі буккроссинг шарасының қорытындысы Жалағаш ауданынында өтті. Шараның мақсаты атақты жазушы Әкім Таразидың «Қорқау жұлдыз» шығармасын талқылау. Шығарма желісін орталық оқытушылары мен тыңдаушылары баяндап, кейіпкерлеріне мінездеме берді. Сондай –ақ мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Б. Дүйсенбиева аталмыш шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысып, өзіндік үлесін қосты. 1988 жылы жазылған шығарманың басты кейіпкері Лиманы назарға алып, оның өміріне талқы жасалды. Үш тілде аудармасы бар шығарманы қоғам белсенділері де қалыс қалмай өзіндік пікірлерін білдірді. Шарадан жақсы әсер алған орталық директоры Л.Ортаева бірнеше апта бойы аталып өткен шарағаның қорытынды сөзін сөйлеп, игі шараның әрі қарай да жалғасын табуына шын ниетін білдіріп, алдағы уақытта атқарылатын шараларға сәттілік тіледі.