Буккроссинг – Сырдария ауданында “Дарабоз” және “Тағдыр” шығармасы

Бүгін Сырдария ауданында “Буккроссинг” шарасы аталып өтті. Орталық оқытушылары мен тыңдаушылары әдеби жазушы Қабдеш Жұмаділовтың “Дарабоз” және “Тағдыр” шығармасын талқыға салды.
Екі империяның өз мүддесі үшін жері, тілі, діні,біртұтас ұлтты қалай аяусыздықпен екіге бөл­генін баяндайтын “Тағдыр” шығармасы және Қаракерей Қабанбайдың өмірімен тікелей байланысқан “Дарабоз” шығармасын тыңдаушылар жіті талдап, өз ойларын ортаға салды. Шара барысында орталық мамандары видеолар көрсетіп жазушы туралы ақпараттармен бөлісті. Орталық директоры Л.Ортаева шара соңында өз пікірімен бөлісіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.