Буккроссинг – Қазалы ауданында Ә.Кекілбаев шығармалары

Кезекті буккросинг шарасы Қазалы ауданында өтті. Шараға орталықтың ғылыми-әдістемелік бөлім басшысы А.Махамбетова мен орталық оқытушысы А.Таубай қатысып, шараның мақсаты мен күтілетін нәтиже туралы ақпараттарды көпшілік назарына ұсынды. Қазалы ауданы бойынша талдануға тиіс Ә.Кекілбаев шығармалары бүгінгі шараның өзегіне айналды. Мемлекеттік тіл курсының оқытушысы Ж.Таңжанов жазушы шығармаларына жан-жақты талдау жасап, оқырмандар сауалына жауап берді. Тыңдаушылардың жазушы туралы айтқан тың ақпараттары көпшілік назарын аудартты. Орыс тілінің оқытушысы Л.Алибекова жазушының өлеңдерінен мәнерлеп оқып, философиялық мағынасын түсіндірді. Шара мемлекеттік және орыс, ағылшын тілінде өтті. Орталық директоры Л.Абайқызы буккросинг шарасын қорытындылап, оқырмандарға шығармашылық табыс тіледі.