Буккроссинг – Арал қаласында Ф.Достоевский шығармалары

Буккроссинг шарасы өз жалғасын Арал қаласынан тапты. Атаулы шараға орталықтың ғылыми – әдістемелік бөлім басшысы А.Махамбетова мен орталық оқытушысы А.Таубай қатысып, шараның мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. Орталық мамандары П.Елеулі мен А. Майлыбаева Ф.Достоевскийдің шығармаларын жеке-жеке талдап шықты. Бұл шарада тыңдаушылар да қалыс қалмай, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды. Үш тіл бойынша шығарма талдаған орталық мамандары мен тыңдаушылары алдағы уақытта да тоқтамай, шығармашылықпен айналысатындарын жеткізді.
Шара соңында орталық директоры Л.Ортаева қорытынды жасап, көрермен қауымға шығармашылық табыс тіледі.