Буккроссинг – Жаңақорған ауданында А.Чеховтың шығармаларына талдау

Бүгін облыс көлемінде қолдау тапқан кітап оқырмандарының конференциясы Жаңақорған ауданынан бастау алды. Шараға қолдау көрсету және әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету мақсатында орталықтың ғылыми әдістемелік бөлім басшысы А.Махамбетова мен әдіскер Ж.Ерекешова іссапарға барды. Орталықтың аудандағы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінің оқытушылары тыңдаушыларымен қатысты. Тапсырма бойынша белгіленген А.Чеховтың шығармаларына жан жақты талдау жасалды. Шара мемлекеттік және орыс тілінде жалғасып, қатысушылардың қызығушылығын білдірді. Мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері үшін тың серпіліс, рухани кемелдену болғаны сөзсіз.