Оқыту курстары онлайн жүйеде жүзеге асатын болады

Бүгін жергілікті уақыт 17:30-18.30 аралығында орталық директоры Мусаева Нұрсәуле Дүйсембайқызы қызметкерлермен Zoom бағдарламасы арқылы бейнебайланысқа шықты. Онлайн жиында орталықтың оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік бөлім басшылары Баxытова Әсел Манасқызы мен Ортаева Ләззат Абайқызының осыған дейін атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі тыңдалды. Алда жүргізілетін жұмыстар мен тапсырмалардың нақты міндеттері айтылды. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты орталықтың ұйымдастыруымен өткізілетін оқыту курстары онлайн жүйеде жүзеге асатын болады.