Латын әліпбиі жобаларының 4 нұсқасы

Құрметті, әлеуметтік желі қолданушылар мен біздің достарымыз! Сіздердің назарларыңызға 2020 жылдың 14 ақпанынан бастап жалпыхалықтық талқылауға түскен латын әліпбиі жобаларының төрт нұсқасын ұсынамыз. Ғылыми негізі бар ой-пікірлеріңізді жинақтап ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ресми сайтына немесе Ш.Шаяхметов атындағы “Тіл-Қазына” ғылыми-практикалық орталығының ресми сайттарына жолдай аласыздар.