Бастауыш сынып мұғалімдері үшін семинар “Латын әліпбиіне көшу- рухани жаңғырудың негізі”

2020 жылдың 15 ақпаны күні Қызылорда қаласы Ә.Құдабаев атындағы №197 орта мектебінде “Латын әліпбиіне көшу- рухани жаңғырудың негізі” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті және бастауыш сынып мұғалімдері үшін семинар өткізілді. Орталықтың ғылыми-әдістемелік бөлім басшысы Әсел Манасқызы жүргізген семинар барысында 2020 жылы жалпыхалықтық талқылауға түскен латын әліпбиінің төрт жобасы талқыланып, ұстаздар өз ұсыныстарын білдірді. Жалпы зиялы қауым өкілдері латын әліпбиіне көшу жұмыстарында асығыстық танытпай, байыппен іс-жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуі қажет деген түйінге келді. Ұсынылған нұсқалардың ішінен ұстаздар да өздеріне жазу-сызуға, оқуға ыңғайлы нұсқаға таңдау жасап, пікір білдірді. Семинар соңында мектеп әкімшілігі оқыту орталығына алғыс білдіріп, марапаттады.