Қызылорда қаласы бойынша оқытушылар

АБАСИЛОВ АМАН МӘДЕЛХАНҰЛЫ

Лауазымы: Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының

 “Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы” КММ мемлекеттік тіл

оқытушысы

Туған күні: 9 қазан, 1966 жыл

Тұрғылықты мекенжайы: Қызылорда қаласы, Арай, О.Әбдімомынов көшесі,119

Email: аman_аbasilov@mail.ru

Ұлты: Қазақ

Білімі: Жоғары. 1987-1992 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік  университетін бітірген.

Біліктілігі: қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінің оқытушысы

Жұмыс тәжірибесі:

  • 1992-1995 жылдары С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік университетінде Қазақ  тілі кафедрасының оқытушысы,  аға оқытушысы.
  • 1995-1998 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің аспиранты.
  • 1998 жылы диссертациялық кеңесте «Қазақстан Республикасының солтүстік аймағындағы мемлекеттік тілдің социолингвистикалық проблемалары: оларды шешу жолдары» деген тақырыпта  диссертациялық жұмысын қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.
  • 1998 жылдан Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасында аға оқытушы,
  • 2007-2013 жылдары кафедра меңгерушісі,
  • 2014 жылдан кафедраның қауымдастырылған профессоры қызметін атқарып келеді.
  • Республика, облыс көлемінде тіл саясаты, мемлекеттік тіл мәселелері, тіл тазалығы мен мәдениеті, қазақ әдеби тілі, оның нормалары мен стильдері, терминология, әліпби, қостілділік т.б. мәселелермен тұрақты айналысып жүрген тіл маманы, білікті, жаңашыл ұстаз. Қазақстандық әлеуметтік лингвистика ілімінің дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан ғалымдардың бірі.   Ол – осы салада 90-нан астам ғылыми мақала жариялаған, 2 оқу құралының, 3 монография, бірнеше авторлық бірлестіктегі ғылыми жианақтармен монографиялардың авторы.
  • Марапаттаулары мен біліктілік санаттары:
  •   Оқу-тәрбие жұмыстарындағы үлгілі еңбегі және университеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, елеулі үлес қосқаны үшін университет ректорының алғыс хатымен (2001),
  • Білім беру саласындағы шығармашылық істермен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің құрмет грамотасымен (2002 ж.),
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Мәдениет және ақпарат министрлігі, Тіл комитетінің алғыс хатымен (29 қыркүйек, 2006),
  • Сыр елі қаламгерлерінің 200 томдық «Сырдария кітапханасы» антологиясының шығуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің алғыс хатымен, мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясын кеңейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Қызылорда облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың алғыс хатымен (2010 ж.),
  • Облыстың дамуына қосқан үлесі үшін облыстың құрмет граммотасымен (2014 ж.) марапатталған. Сондай-ақ Қызылорда облысының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Қызылорда облысына – 70 жыл» медалімен  (№1722),
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен,
  • «Қазақстан халқы ассамбеясының 20 жыл»  мерекелік медалімен   наградталған. 2015 жылы «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапатталды. 2017 жылы Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай тіл саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Қызылорда қаласының 200 жылдығы» медалімен (2018 ж.),
  • Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жоғары білікті мамандар дайындаудағы ерен еңбегі үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік педагогі» атағы (2019 ж.)  марапатталды.

ТӨРЕБАЙ БАЛАУСА ҚАНЖАРҚЫЗЫ

Лауазымы: Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының

 “Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы” КММ мемлекеттік тіл

оқытушысы

Туған күні: 31 қазан 1994 жыл

Туған жері: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Тұрғылықты мекенжайы: Қызылорда қаласы, Сол жағалау 9/16
Ұлты:  қазақ

E-mail: balausa_torebai@mail.ru
уоаьаь
Білімі:  жоғары

  • М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі (2010-2014ж.)
  • Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (2014-2018ж. Бакалавр)
  • Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті (2019-2021. Магистр)


Кәсіби жетістіктері:

  • “Ұлттық ұлан қызметінің үздігі” медалі, 2020 ж
  •  “Қазақстанның үздік магистранты – 2020” медалі, 2020 ж.

            Біліктіліктен өту курстары:

  • Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Латын графикасы: теория мен практика» тақырыбындағы біліктілікті жетілдіру курсы (2019);
  • Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 40 сағаттық «Жаңа қазақ әліпбиі және емлесі» курсы (2019);
  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Тіл саясаты комитеті және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен Нұр-Сұлтан қаласында «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» тақырыбындағы тренерлерді дайындайға арналған 72 сағаттық республикалық курс (2019);
  • А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен (Латыннегізді қазақ жазуының өзекті мәселелері» тақырыбындағы жөңгедек үстел(2019);
  • С.Демирил атындағы университетінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «ҰлыАбай мұрасы» атты жоғары оқу орындары арасында өткен республикалық ғылыми онлайн семинар(2020);
  • Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы тарапынан ұйымдастырылған «Қазақ тілін оқыту үдерісінде ресурстарды тиімді қолдану жолдары» атты онлайн семинар (2020);
  • «Miras academy» білім беру орталығы ұйымдастырған «Заманауи ұстаз» онлайн марафонына қатысып, қашықтықтан оқытуға арналған онлайн құралдарды меңгеріп, ІТ-құзірттілігін арттырды (2020);
  • Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының ғылыми-әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен «Академиялық жазылым: теориясы мен тәжірибесі» тақырыбындағы шеберлік сағаты(2020);
  • «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы оқу-тренингтік орталығы ұйымдастырған «Педагогтердің ІТ-құзіреттіліктерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында 36-сағат көлемінде қашықтықтан біліктілік арттыру курсы(2020);
  • 2020 ж. 30 маусымда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Лұғат» қоғамдық қоры және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ұйымдастырған Үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді ілгерілетуге бағытталған «Тендерге қатысты ісқағаздарын мемлекеттік тілде рәсімдеу және іскери қарым-қатынас кезінде ділмарлықты жетілдеру» тақырыбындағы онлайн вебинар(2020).

            Баспа бетінде жарияланған мақалалары:

«Intellegence.kz» республикалық, ақпараттық, ғылыми-педагогикалық журналда латын әліпбиін меңгертуге байланысты «Аң, құс, өсімдіктердің күрделі атауларының емлесі» тақырыбында сабақ жоспарын жариялаған. 2020 жылдың 22 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында (Қазақстан) өткен «ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДЕГІ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ: ХХІ ғасырдың сын-қатерлері» атты VII халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағында Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі» атты ғылыми мақаласы жарыққа шықты. «Бейвербалды амалдардың ұлттық-мәдени негізі және оның Ә.Кекілбаевтың «Шеткері үй»  повесіндегі көрінісі» атты ғылыми зерттеу мақаласы 6-8 қаңтар аралығында Бирмингемде (Ұлыбританияда) «Инновациялық менеджмент және технологиялар жаһандану дәуірінде» атты VII халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар жинағының ІІ томында жарық көрді.

ТАУБАЙ АРУЖАН АМАНКЕЛДІҚЫЗЫ

Лауазымы: Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының “Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы” КММ мемлекеттік тіл оқытушысы

Туған күні: 18 маусым 1998 жыл

Туған жері: Алматы қаласы

Тұрғылықты мекенжайы: Қызылорда облысы,Желтоқсан 11/30

Ұлты:  қазақ

E-mail: taubai.aruzhan@mail.ru

Білімі:  жоғары

  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,2015-2019жж, “Филолог”мамандығы


            Кәсіби жетістіктері:

  • Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен өткізілген «Анамның бейнесі” атты фотосуреттер байқауына белсене қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ.
  • Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Латын графикасы: теория мен практика» тақырыбындағы біліктілікті жетілдіру курсы (2019);
  • Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 40 сағаттық «Жаңа қазақ әліпбиі және емлесі» курсы (2019);
  • «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы оқу-тренингтік орталығы ұйымдастырған «Педагогтердің  ІТ-құзіреттіліктерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында 36-сағат көлемінде қашықтықтан біліктілік арттыру курсы(2020);


Біліктіліктен өту курстары:

            20-06.05.20 ж “Жаңа әліпби негізіндегі ұлттық жазудың жаңғыруы” тақырыбыаясындаөткен 18 сағаттық онлайн  курсын бітірген.

13.01.2021ж  “Қазақ тілін оқытудағы жаттығу тапсырмаларының маңызы” тақырыбындағы Республикалық онлайн семинарын бітірген.

ОРЫНБАЕВА АЛТЫНАЙ РОМАНҚЫЗЫ

Лауазымы: Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының “Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы” КММ мемлекеттік тіл оқытушысы

Туған күні: 3 желтоқсан 1997 жыл

Туған жері: Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең ауылы

Тұрғылықты мекенжайы: Қызылорда қаласы, Дүр Оңғар, 3

Ұлты:  қазақ

E-mail: orynbaevaa.97@mail.ru

Білімі:  жоғары

  • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, 2015-2019 жж, «Филолог» мамандығы
  • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 2019-2021жж, «Филолог» мамандығы гуманитарлық  ғылымдарының магистрі

            Кәсіби жетістіктері:

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тіл саясаты комитетінің Алғыс хаты (2020 жыл)
  • Қызылорда облысының ішкі  саясат басқармасынан Алғыс (2020 жыл)
  • Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нан Алғыс (2020 жыл)

            Біліктіліктен өту курстары:

            31.01.2020 «Жаңартылған бағдарлама аясында білім алушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді әдістемесі» тқырыбында36 сағаттық курсын бітірген

            Баспа бетінде жарияланған мақалалары:

            Республикалық «Intelligence.kz» журналына “Тобыс Жармағамбетов шығармаларының көркемдік ерекшелігі» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.

МАХАМБЕТОВА ӘСЕЛ БӨЛЕБАЙҚЫЗЫ

Лауазымы: Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының “Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы” КММ-ның ағылшын тілі оқытушысы

Туған күні: 16 желтоқсан 1992 жыл

Туған жері:Қызылорда қаласы

Тұрғылықты мекенжайы:Қызылорда қаласы, Берденов 15

Ұлты:  қазақ

E-mail: makhambetova.assel@bk.ru
Білімі:  жоғары

  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 2011-2015жж, Шетел тілдері: 2 шет тілі мамандығы

Кәсібижетістіктері:

  • Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы алғыс хат (2018жыл)  
  • Республикалық “Ағылшын тілі” Блиц-турнирінің 1 орын жеңімпазы (2020 жыл)
  • ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері
  • Qaztest.kz сайтында Ағылшын тілі пәнінен өткізілген мұғалімдердің Республикалық қашықтық олимпиадасының )II орын жүлдегері. (2020 жыл)
  • Қызылорда облысы бойынша  “Ағылшын тілі” пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасының 2-орын жеңімпазы. (2020 жыл)
  • Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының алғыс хаты. (2020 жыл)
  • Мектеп мұғалімдерінің қатысуымен өткізілген Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану” тақырыбындағы республикалық конференцияға қатысып, үздік баяндама жасағаны үшін диплом иегері. (2020 жыл)
  • Жас педагогтар арасында “Үштілділік бірлігі – кәсіби табыс кепілі” тақырыбындағы қалалық кәсіби эссе байқауында (орыс тілінде)II орын иегері. (2021жыл)

            Біліктіліктен өту курстары:

            2015 ж. 25 маусым ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғарғы оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы бойына 3 кредит (135 академиялық сағат) көлемінде курсын аяқтады.

        2018 ж. “Тілдерді оқыту орталығы” ұйымдастырған 100 сағаттық “Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту” курсының B1-орта деңгейін бітіргендігін куәландыру үшін берілді.

2018 ж. тамыз Ustaz Professional Learning Centre ұйымдастыруымен Шымкент қаласында ұстаздар семинарына қатысты.

       2018 ж. IELTS Халықаралық ағылшын тілінен деңгей анықтайтын экзаменнен  (band score 6.5) ұпай алып, керемет нәтиже көрсетті.

       2019 ж. Халықаралық TKT (Teaching Knowledge Test) ағылшын пәні мұғалімдеріне арналған, олардың терминология мен методика біліктілігін тексеретін Кембридж экзаменінен  (Module 1,2,3 Band 3) керемет нәтиже көрсетті.

      2020 ж “Сана” зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен “Developing 21st century skills 1: Critical thinking. Techniques for promoting speaking in the classroom” республикалық семинарының қатысушысы.

      2020 ж.“Қашықтықтан оқыту: сабақты әзірлеуден бастап білім беру процесін ұйымдастыруға дейін” тақырыбында 40 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

2020 ж. “Ерекше қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім беруде педагогикалық-психологиялық қолдау” тақырыбында 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтті.

2020 ж.  21 тамыз Ustaz Professional Learning Centre ұйымдастыруымен “Effective Teaching Skills – English” тақырыбында Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған кәсіби дамыту курсынан өтті

            Баспа бетінде жарияланған мақалалары:

            2020 ж. Республикалық ақпараттық, ғылыми-педагогикалық “Intelligence.Kz” журналының №147 санында материалы жарияланды.

 2020 ж. Әдістеме кз Республикалық ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналының “Қызылорда облысы педагогтарының үздік еңбектері” атты I ғылыми еңбектер жинағының құрастырылуы барысында жариялауға үздік жұмыс ұсынған.           

2021 ж. АҚШ-тың Бостон қаласында өткен “Techniques of working with texts to develop reading skills”тақырыбындағы Халықаралық форумына мақаласын жариялады.