Орталық туралы

 

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты  “Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығы КММ”    “Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын” жүзеге асыру мақсатында  облыс әкімдігінің 2008 жылғы  14 сәуірдегі №475 қаулысына сәйкес құрылды.

      2018 жылдың ақпан айынан бастап, Облыс әкімінің қолдауымен Қызылорда облысының аудандарында мемлекетттік, орыс, ағылшын  тілдерін оқытатын орталық оқытушыларының штаты ашылып, 7 ауданда 21 маман тілдерді оқыту курстарын  жүргізіп, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарына байланысты жүргізіліп жатқан  іс-шараларға белсене атсалысуда

Орталықтың мақсаты:

Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді оқыту
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту
Тілдердің үштұғырлылығын насихаттау

Орталықтың міндеттері:

Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметшілері,  жеке тұлғалар үшін мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту курстарын ұйымдастыру және оқыту үдерісін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.